II Елизавета

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search

II Елизавета
ағылш. Elizabeth II
II Елизавета

II Елизавета ханшасы. 2015 жыл. Берлин
II Елизавета
Лауазымы
Ту
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Ханшасы
Ту
6 ақпан 1952 жыл
Тәж кигізу жорасы 2 маусым 1953 жыл
Ізашары VI Георг
Ізбасары Чарльз, Уэльс ханзадасы
Ту
Ұлттар достастығының басшысы
6 ақпан 1952 жыл
Ізашары VI Георг
Өмірбаяны
Діні Англикандық
Дүниеге келуі 21 сәуір 1926(1926-04-21) (94 жас)
Лондон, Ұлыбритания
Династия Badge of the House of Windsor.svg Виндзорлар
Туған кездегі есімі Елизавета Александра Мария
Әкесі VI Георг
Анасы Елизавета Боуз-Лайон
Жұбайы Филипп Маунтбаттен
Балалары Чарльз, Анна, Эндрю, Эдуард
Монограммасы Монограммасы
Марапаттары AltynKiran 1.png
II Елизавета Ортаққорда

II Елизавета (ағылш. Elizabeth II), толық аты-жөні — Елизавета Александра Мария (ағылш. Elizabeth Alexandra Mary[1]; 21 сәуір 1926, Лондон)[2] — 1952 жылдан бастап Ұлыбритания патшайымы.

II Елизавета ханшайым Виндзор әулетінен шыққан. Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі — VI Георгтың өлімінен кейін отырды.

Ұлттар достастығының басшысы, сондай-ақ II Елизавета ханшайым Ұлыбритания патшалығынан бөлек Австралия, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Гренада, Канада, Жаңа Зеландия, Папуа — Жаңа Гвинея, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Соломон аралдары, Тувалу, Ямайка сияқты 15 мемлекеттің патшайымы болып саналады. Сонымен қатар, Англикан шіркеуінің басшысы және Ұлыбританияның қарулы күштерінің жоғарғы Бас қолбасшысының қызметін атқарады.

II Елизавета — жасы бойынша Ұлыбритания тарихындағы ең жасы үлкен британ (ағылшын) монархы. Қазіргі таңда ханшайым британ тағында билік құру ұзақтығы бойынша рекордсмен[3][4], сондай-ақ дүние жүзі бойынша қазіргі таңда мемлекет басқарып отырғандардың ішінде ең ұзақ отырған екінші мемлекет басшысы (Таиланд королі Пхумипон Адульядеттен кейін). Сонымен қатар, қазір мемлекет басындағы барлық әйелдердің ішіндегі ең егде жастысы, ал Еуропадағы ең кәрі мемлекет басшысы.

2015 жылдың 24 қаңтарындағы Сауд Арабиясының патшасы — Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Саудтың өлімінен кейін билік басындағы ең кәрі монарх болып саналады.

Елизавета ханшайымның басқару кезеңінде британия монархиясы үшін көптеген тарихи оқиғалар орын алды: Британ империясының ыдырап, Ұлттар достастығының құрылғандығын айқындайтын — деколонизация үрдісі аяқталды.

Елизавета ханшайым британдық республикашылдардың сынынан бөлек, британдық БАҚ-тың, сондай-ақ қоғамның да сынына қалды. Дегенмен, II Елизавета британ монархиясының абыройын сақтап қалып, оның Ұлыбританиядағы әйгілігін әлі де түсірген емес.

Балалық және жастық шағы[өңдеу]

Лилибет ханшайым «Тайм» журналының мұқабасында. 29 ақпан, 1929 ж.

Йорк герцогі — Альберт ханзаданың (келешек VI Георг есімді корольдің, 1895—1952 жж.) және леди Елизавета Боуз-Лайонның (1900—2002 жж.) үлкен қыздары. Оның ата-әжесі: әкесі жағынан — король V Георг (1865—1936 жж.) және Мария патшайым, Текстік ханшайым (1867—1953 жж.); анасы жағынан — Клод Джордж Боуз-Лайон, Стратмор графы (1855—1944 жж.) және Сесилия Нина Боуз-Лайон (1883—1938 жж.).

Елизавета ханшайым Александра Мария Лондонның Мейфэр ауданында, Брютон-стриттегі № 17-үйде, яғни Стратмор графының резиденциясында дүниеге келген. Қазіргі таңда аудан қайта тұрғызылғандықтан, үйді бұзған, алайда оның орнында мемориалдық тақта қойылған.[5]. Өзінің атын анасының (Елизавета), апасының (Мария) және арғы әжесінің (Александра) құрметіне алған.

Әкесі алғашқы қыздарының есімін герцогиния құрметіне Виктория деп атамақ болады, алайда соңында ол ойларынан қайтады. Ол туралы V Георг өзі былай деген екен:

« ...Берти менімен қыздың есімі жайлы талқылаған. Ол үш есімді атады: Елизавета, Александра және Мария. Мен оған есімдердің барлығының жақсы екендігін айттым, ал Виктория есімі жайлы мен онымен толықтай келістім. Бұл енді артық еді...
V Георг[5]
»

.

Елизаветаның шоқындару жорасы 25 мамыр күні Букингем сарайының шіркеушесінде өтті.

1930 жылы Елизавета патшайымның жалғыз сіңілісі — Маргарет ханшайым дүниеге келді[1].

Елизавета негізінен гуманитарлық бағытта білім алды — конституция тарихын, құқықтану, дінтану, өнертану негіздерін оқып, ешкімнің көмегінсіз француз тілін меңгерді. Жастық шағынан бастап Елизавета аттарға қызығып, салтпен жүруді үйренді. Бұл қызығушылықпен патшайым онжылдық бойы айналысуда[6].

Ханшайым Елизавета 1933 жылы

Туған күнінен бастап Елизавета ханшайым Йорктің герцогиниясы атанып, ағасы - Эдуард Уэльс ханзадасы (келешек Ұлыбритания королі — VIII Эдуард) мен әкесінен кейін үшінші мұрагер болды. Эдуард ханзада айтарлықтай жас, әрі жанұя құрып, балалы болуға тиіс болғандықтан, бастапқы кезде Елизавета таққа отыратын үміткер ретінде қарастырылмады. Алайда 1936 жылы V Георгінің қайтыс болуына байланысты он бір айдан кейін тақтан бастартуға мәжбүр болды. Патша тағына Альберт (VI Георг) отырды, ал 10 жастағы Елизавета тақ мұрагері атанып, ата-анасымен Кенсингтоннан Букингем сарайына көшіп келеді.

Дегенмен, Елизавета ханшайым «heir presumptive» («болжалды мұрагер») ретінде қарастырылды, себебі VI Георгтің баласы туған жағдайда, хан тағына бірден-бір үміткер сол болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Елизавета 13 жаста еді. 1940 жылдың 13 қазанында ол алғаш рет радиодан соғыс апатынан зардап шеккен балалар алдында сөз сөйлейді[7]. 1943 жылы гвардиялық гренадерлардың полкімен кездесу жүргізгенде алғаш рет жамағат алдында көрінеді. 1944 жылы Елизавета бес «мемлекеттік кеңесшінің» (король ісін атқаруға құқығы бар адамдар) бірі болады[8][9].

1947 жылы Елизавета ата-анасын Оңтүстік Африкаға шығарып салады да[10] 21 жасқа толу мейрамында радиодан өзінің өмірін Британ монархиясы үшін арнайтындығын айқын ашып көрсетті.[6].

Тура сол жылы 21 жастағы Елизавета 26 жастағы британ флотының офицері, грек және даттық корольдік жанұядан шыққан, сондай-ақ Виктория патшайымның шөпшегі (шөбереден туған бала), Филипп Маунтбеттенге, тұрмысқа шығады. Олар 1934 жылы танысады да, араларындағы тығыз қарым-қатынас Елизаветаның 1939 жылдары Филипп оқыған Дартмуттегі әскери-теңіз колледжіне баруымен жалғасады.[10]. Ханшайымның жұбайы атанған — Филипп ханзада "Эдинбург герцогі" деген атаққа ие болады.

Үйлену тойынан соң, яғни бір жылдан кейін 1948 жылы Елизавета мен Филипптің тұңғышы, Чарльз ханзада, дүниеге келеді.[10]. Ал 1950 жылдың 15 тамызында қыздары, Анна ханшайым, дүние есігін ашады[10].

Ұлыбритания патшайымы[өңдеу]

Тәж кигізу жорасы және басқаруын бастауы[өңдеу]

II Елизавета 1953 жылы тәж кигізу жорасынан кейін

Елизаветаның әкесі — VI Георг патша 1952 жылдың 6 ақпанында дүниеден өтеді. Сол күні Елизавета жұбайымен Кениядағы демалыста болғанына қарамастан, оны Ұлыбритания патшайымы деп жариялайды[11]. Әкесінің өлімі күні патшайым алып фикус ағашының үстінде орналасқан «Tree Tops Hotel» атты мейманханада болған. Тура сол кезде мейманханада тұрып жатқан Эдуард Джеймс Корбетт өзінің тіркелу кітапшасында балай деп жазып, қалдырып кеткен екен:

« Әлемдік тарихта алғаш рет ағаш үстіне мінген жас ханшайым келесі күні патшайым болып түскен екен — Құдайым, өзің жар бола көр!
Эдуард Джеймс
»

II Елизавета патшайымның тәж кигізу жорасы 1953 жылдың 2 маусымында Вестмин аббаттығында болды[12]. Британ монархының бұл тәж кигізу жорасы алғаш рет телевидениеден тікелей трансляция түрінде көрсеткен[13].

Осыдан кейін жаңа патшайым 1953—1954 жж. аралығында Достастыққа мүше елдерге, британдық отарларға және әлемнің басқа да елдеріне алты айлық іс сапар жасап қайтады. II Елизавета Аустралия мен Жаңа Зеландияда болып қайтқан алғашқы монарх болды[12].

1950 жж. екінші жартысы — 1990 жж. басы[өңдеу]

Премьер-министр — сэр Энтони Иденнің 1957 жылы қызметтен кеткеннен кейін, Консеравторлар партиясында лидерді таңдауда еш бір ереженің болмауына байланысты II Елизавета жаңа премьер-министрді консерваторлардың арасынан таңдауға тиісті болды. Партияның көрнекі өкілі және экс-премьер-министр — Уинстон Черчилльмен ақылдаса отырып, үкімет басшысы болып Гарольд Макмиллан тағайындалды.[14].

Тура осы жылы Елизавета алғаш рет іс-сапармен Америка Құрама Штаттарына[15] және Канада патшайымы ретінде Канадаға барады[16]. Сондай-ақ осы жылы алғаш рет БҰҰ Бас ассамблеясының сиссиясына қатысып, сөз сөйлейді[17]. Канадалық үкіметтің сессиясының ашылу салтанатына қатысты. Өз саяхатын 1961 жылы жалғастырды, ол кезде патшайым Кипр, Ватикан, Үндістан, Пәкістан, Непал, Иран, сондай-ақ Гана елдеріне барды[18].

Елизаветы II 1960 жылы Достастыққа мүше елдердің басшыларымен кездесуі

.

1960 жылы патшайымның екінші ұлы — Эндрю ханзада, ал 1964 жылы үшінші ұлы — Эдуард ханзада дүниеге келеді.[10].

1963 жылы премьер-министр — Макмилланның қызметінен кетуіне байланысты, Елизавета патшайым өзімен ақылдаса отырып Александр Дуглас-Хьюм премьер қылып тағайындады[19].

Нәтижесінде бірде-бір партия толық дауыс жинай алмаған парламент сайлауынан кейін 1974 жылы елбасына саяси дағдарыс төне бастады. Парламенттің ең ірі партиясы — Консерваторлар партисы болғанымен, премьер-министр болып лейбористтердің лидері — Гарольд Вильсон тағайындалды[20].

1976 жылы II Елизавета салтанатты түрде (Канада патшайымы ретінде) Монреалдағы Жазғы XXI Олимпиадалық ойындардың ашылу салтанатын өзі ашты[21].

1977 жыл патшайым үшін елеулі жыл болды. Бұл жылы Елизаветы II патшайымның британ тағында 25 жыл отырғандығы тойланды. Достастық елдерінде патшайымның құрметіне көптеген салтанатты іс-шаралар өткізілді[22].

1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басында патшайымның жанұясына бір қатар қастандықтар жасалынды. Оның ішінде, атап айтқанда: «Уақытша Ирландия республикалық әскерлерінің» террористері 1979 жылы Филипп ханзаданың ағасы, беделді мемлекеттік қайраткер және әскербасы — лорд Луис Маунтбаттеннің өлтірілуі[23]. Ал 1981 жылы патшайымның «ресми туған күніне» арналған әскери шеруде II Елизавета патшайымға сәтсіз қастандық жасалынды[13].

1981 жылы кейінірек корольдық жанұяның үлкен проблемасына айналатын Елизавета патшайымның ұлы Чарльз ханзада мен Диана ханшайымның[24] үйлену тойы болды.

II Елизавета Рональд Рейганмен Виндзор сарайының қасында серуендеуде (1982)

Осы кезде 1982 жылы Канада конституциясында біршама өзгертулер еңгізілгендіктен, британ парламенті канадалық істерде өз үстемдігін жоғалтады, алайда британдық патшайым Канада мемлекетінің басшысы болып қала берді[25]. Тура осы жылы соңғы 450 жыл елге келмеген рим папасы — II Иоанн Павел Ұлыбританияға сапармен келді (англикан шіркеуінің басшысы болып табылатын патшайым оны жеке өзі қарсы алды)[12].

Түркия президенті Абдулла Гюль және II Елизавета патшайым. Лондон. 2010 жыл.
II Елизавета және Обама ерлі-зайыптылары.
Р. Рейган және патшайым өздерінің өмірлік жолдастарымен бірге

1990 жж. басы — 2000 жж.[өңдеу]

II Елизавета

1992 жыл ІІ Елизаветаның айтуынша «сұмдық (масқара) жыл» болды. Төрт баласының екеуі — Эндрю ханзада және Анна ханшайым — жолдастарымен ажырасып, ал Чарльз ханзада Диана ханшайыммен ажырасты. Сонымен қатар, Виндзор сарайы өрттен қатты зақымданды, патшайымға табыс салығын төлеу міндеттелінді[26]. 1996 жылы патшайымның талабымен, Чарльз ханзада мен Диана ханшайымның ресми ажырасуына қол қойылды. Бір жылдан кейін, 1997 жылы, Диана ханшайым Парижде көлік қақтығысына ұшырап, қайтыс болады. Бұл жайт патшайым жанұясымен қатар миллиондаған британдықтарды күйзеліске ұшыратты.

Бұрынға келінінің өліміне сабырлық танытып, ешқандай реакция көрсетпеген патшайымның жайлы халық арасында әңгіме тарай бастады[27].

Патшайымның Алтын мейрейтойы (2002)

2002 жылы Елизавета патшайымның тақта отырғанының 50 жылдығына (Алтын мерейтой) орай салтанатты іс-шаралар өткізілді[11]. Бірақ тура сол жылы патшайымның сіңлісі — Маргарет ханшайым[28] және анасы — Елизавета Боуз-Лайон қайтыс болды[29].

Қазіргі заман[өңдеу]

2010 жылы екінші рет БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі. БҰҰ Бас хатшысы Пан Гим Мун Елизаветаны меңзей отырып, патшайымды «біздің дәуіріміздің зәкірі» деп атады[30].

Патшайым мен Филипп ханзада Уильям ханзада мен Кэйт Миддлтонның үйлену тойында қатысуы (2011)

2011 жылы тәуелсіз Ирландияға британдық монархтың тарихта алғаш рет мемлекетік сапармен барып қайтты[31]. Тура осы жылы Уильям ханзада мен Кэйт Миддлтонның үйлену тойы болып өтті[32].

2012 жылы Лононда XXX жазғы Олимпиада ойындары болды. Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына II Елизавета өзі қатысып ашты[33], сондай-ақ таққа отыру ретін өзгертетін жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша мұрагер-ер адам әйел алдындағы басымдылықтан айырылды[34].

Тура осы жылы Ұлыбританияда және басқа да елдерде Елизаветаның таққа отыруының 60 жылдық (гауһар) мерейтойы салтанатты түрде алтып өтті. Мерекелік іс-шаралардың шарықтау шегі — 2012 жылдың 3-4 маусым күндеріндегі демалыс болды[35]:

  • 3 маусым күні Темза өзенінде су үсті шеруі өтіп, шеруге мыңнан астам кемелер мен қайықтар қатысты. Бұл жайт тарихта ең ауқымды сулы шеру болып қалды;
  • 4 маусым күні Букингем сарайының алдында келесі әлем және британдық жұлдыздардың қатысуымен концерт болып өтті: Пол Маккартни, Робби Уильямс, Клифф Ричард, Элтон Джон, Грейс Джонс, Стиви Уандер, Энни Леннокс, Том Джонс және т.б. Кештің ұйымдастырушысы —Take That тобының солистіГэри Барлоу болды.

2013 жылы II Елизавета 40 жыл ішінде алғаш рет Шри Ланкада өткен Британ Достастығының саммитіне қатыспады. Саммитте Британияны Чарльз ханзада ұсынды, бұл жайт Елизаветаның өкілеттілікті ұлына бере бастауының айғағы болды[36][37].

Саяси және қоғамдық өмірдегі маңызы[өңдеу]

Конституциялы монархияның британдық дәстүріне сәйкес, II Елизавета негізінен тек мемлекетті халықаралық аренада ұсынып қана отырады, яғни атқару ісіне қатыспайды. Алайда, өзінің билік құрған кезеңінде ол британ монархиясының беделін қолдан тайдырмай берік ұстап отырды. Патшайым әр түрлі мемлекеттерге дипломатиялық сапарлармен бару, елшілерді қабылдау, жоғары қызметтегі мемлекеттік тұлғалармен (әсіресе премьер-министрлермен) кездесу жүргізу, жыл сайынғы парламентке арналған жолдауды оқу, марапаттау сияқты және тағы да басқа маңызды қызметтерді атқарады[38]. Сондай-ақ, патшайым әр күн сайын келіп отыратын британдық үнжарияларды оқып, қызметкерлерінің көмегімен көптеген хаттардың (күн сайын 200—300 дана) кейбіреулеріне жауап жазып, жіберіп отырды.[38].

Өзінің тақта отырған кезеңінің барлығында патшайым барлық премьер-министрлермен жақсы қарым-қатынаста болды. Сонымен қатар, ол саяси қақтығыстарға жол бермеуге бар күшін салып, бұрынғы жаңа заман патшаларының дәстүрін жалғастыруда. II Елизавета конституциялы монарх болғандықтан, ол өзінің саясатқа деген симпатиялық немесе антипатиялық көзқарасын жариялауына болмайды. Патшайым бұл ережені әрдайым орындап жүрді, сондықтан оның саясатқа деген көзқарасы ешкімге белгісіз болып қалуда.

Өзінің билік құру кезеңінде патшайым британдық үкіметтің ауысуында үш рет конституциялық мәселелерге тап болды. 1957 және 1963 жылдары жаңа ізбасарды таңдауда Консерваторлар партиясының бегілі бір заңдары жоқ болғандықтан, Энтони Иден мен Гарольд Макмилланның жұмыстан кетуіне байланысты жаңа үкімет басшысын өзінің таңдауына тура келді. Энтони Иден патшайымға жаңа ізбасарды таңдауда ақыл айтудан бас тарқандықтан, 1957 жылы патшайым сол жылдары жалғыз көзі консерватор премьер-минстр — Уинстон Черчилльге жүгінеді. 1963 жылы Гарольд Макмиллан өзінің ізбасары ретінде Александр Дуглас-Хоумды тағайындауды сұрады. Ал 1974 жылы, Эдвард Хиттің кызметінен кетуінен кейін, оппозиция өкілі — Гарольда Вильсонды тағайындайды. Осы және басқа да жағдайларда патшайым тек британдық конституция негізінде әрекет етті, яғни барлық маңызды шешімдерді өзінің министрлерінің және құпия кеңесшілерінің кеңесінен кейін ғана қабылдады.

Бұлардан бөлек, британ премьерлері әр апта сайын патшайыммен кездесу өткізіп отырады. Патшайым бір көргенде ел саясаты туралы хабарсыз болып көрінгенімен, ол осы көздесудің арқасында елдегі соңғы саяси өзгерістермен хабарландырылып отырады.

Негізінен, патшайым саясатқа араласпауы керек, алайда ол өзінің көптеген жылдар бойы билік еткен кезеңінде көптеген премьерлермен және басқа да елдердің басшыларымен жұмыс істегендіктен, оның кеңестеріне жіті көңіл аударады. Өзінің мемуарларының бірінде Маргарет Тэтчер өзінің патшайыммен кездесулері туралы жазған екен:

« Бұны [кездесу] — жай ғана нысаншылық не болмаса әлеуметтік шарттылық деп ойлайтын адамдар өте қатты қателеседі. Шындығына келсек, бұл кездесулер тыныш атмосферада өтеді, сондай-ақ, Жоғары Мәртебелім әрқашан өзінің ауқымды проблемаларды қамти алатындығын және өзінің үлкен тәжірибесі бар екендігін көрсетіп отырады
Thatcher, Margaret. The Path to Power. — HarperCollins, 1997.
»

Сондай-ақ, II Елизавета белсенді түрде қайырымдылық пен қоғамдық қайраткерлікпен айналысады. Британия патшайымы 600-ден астам қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қамқоршысы екені белгілі.[39].

Өзінің осы және тағы да басқа қызметтерімен қоса II Елизаветаның монархиня (айрықша құзырет) сияқты ажыратылмайтын құқықтары бар. Мысалы, ол парламентті таратуға, сондай-ақ, премьер-министрдің кандидатурасын алып тастауға құқығы бар.

Патшайымды қаржыландыру мәселесі[өңдеу]

Патшайымды қаржыландыру азаматтық парақша аталатын белгілі бір мемлекеттік қаражаттан іске асырылады.

  • Букингем сарайының мәліметтері бойынша 2008—2009 жылдары монархияны қаржыландыруға әр британдық 1 доллар және 14 центтен жұмсады, бұл жиналған қаражаттың қосындысы — 68,5 млн доллар болды[40].
  • 2010—2011 жылдары жаңа экономикалық бағдарламаның еңгізілуіне байланысты, патшайым шығында 51,7 млн долларға дейін шектеуге мәжбүр болды[41].
  • Алайда, 2012 жылдан бастап патшайымның табысы қайта өсе бастады (шамамен, жылына 5 %-дық жылдамдықпен)[42].

Бұндай ақпараттар Ұлыбританияның республика-құрушы халқының көңілінен шықпайды. Олардың мақсаты табыс дәрежесін азайту, не болмаса тіпті болдырмау[40].

Патшайымның туған күні[өңдеу]

Отбасы және балалары[өңдеу]

1947 жылдың 20 қарашасында Елизавета грек ханзадасы Андрейдің ұлы — лейтенант Филипп Маунтбеттенмен (ту. 10 маусым 1921) некеге отырады. Кейін Филипп «Эдинбург герцогі» атағын алады.

Отбасында төрт бала бар:

Аты-жөні Туған күні Неке Балалары Немерелері
Чарльз ханзада,
Уэльс ханзадасы
14 қараша 1948 Леди Диана Спенсер 29 шілде 1981
(ажырасу: 28 тамыз 1996)
Уильям ханзада, Кембридж герцогі Кембридждік Джордж ханзада, Кембридждік Шарлотта ханшайым
Уэльстік Генри (Гарри) ханзада
Камилла Шанд 9 сәуір 2005
Анна ханшайым,
«патша ханшайымы»
Princess Royal»)
15 тамыз 1950 Марк Филлипс 14 қараша 1973
(ажырасу: 28 сәуір 1992)
Питер Филлипс Саванна Филлипс

Айла Елизавета Филлипс

Зара Филлипс Миа Грейс Тиндэлл
Тимоти Лоренс 12 желтоқсан 1992
Эндрю ханзада,
Йорк герцогі
19 ақпан 1960 Сара Фергюсон 23 шілде 1986
(ажырасу: 30 мамыр 1996)
Йорктік Беатрис ханшайым
Йорктік Евгения (Юджиния) ханшайым
Эдуард ханзада,
Уэссекс графы
10 наурыз 1964 Софи Рис-Джонс 19 маусым 1999 Леди Луиза Виндзор
Джеймс, Северн виконты

Ресми титулдары, марапаттары және гербтері[өңдеу]

II Елизавета титулының толық нұсқасы мынадай:

«Жоғары мәртебелі ІІ Елизавета, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығының және басқа да өзінің патшалықтары мен территорияларының Қайырымды Тәңірдің шапағатына бөленген Патшайымы, Достастық Басшысы, Сенім қорғаушысы»

II Елизавета басқарған және басқаратын мемлекеттер[өңдеу]

Картада Ұлттар достастығына мүше елдер көрсетілген

1952 жылы патша тағына отырғаннан кейін Елизаветаға әкесі — VІ Георгтан жеті мемлекет, атап айтқанда: Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Пәкістан және Цейлон мұра ретінде қалдырылды. Ұлыбритания қол астында болған бірқатар елдер тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін II Елизаветаның билігі бірқатар жаңа мемлекеттерге тарады. Осылайша II Елизавета өзінің 52 жылдан астам уақыт ішінде 32 мемлекеттің монархы болып үлгерді. Қазіргі кезде II Елизавета жалпы саны 128 миллион адамды құрайтын Еуропа, Америка, Кариб бассейні және Океания аумағында 16 мемлекеттің басшысы болып табылады.

Елизаветы II бастапқы иеліктерінде монархияның жойылуы:

Көк түспен монархия сақталған мемлекеттер көрсетілген

Монархияны сақтап қалған, жаңа тәуелсіз мемлекеттер[46]:

Монархиядан бас тартқан, жаңа тәуелсіз мемлекеттер[46]:

Елтаңба[өңдеу]

Қоғамдағы түйсік[өңдеу]

Қазіргі таңда британдықтардың басым көпшілігі II Елизаветаның қайраткерлігіне оң баға береді (жұрттың 69 % монархиясыз ел жағдайы жаман болар еді дейді; 60 % монархия елдің беделін, яғни имиджін басқа әлем елдерінің алдында көтереді деп ойлайды, тек 22 %-ы монархияға қарсы болды)[47].

Сын[өңдеу]

Қоғамда патшайымды қолдап, оңды баға беретіндердің саны көп болғанымен, әлденеше рет сынға түскен, атап айтқанда:

  • 1963, яғни Британияда саяси дағдарыс өріс алған жылы Елизавета патшайым өз бетімен Ұлыбританияның премьер-министрлігіне Александр Дуглас-Хьюмді тағайындауы халықтың сынына қалды.
  • 1997 жылы Диана ханшайымның өлімін сабырмен қабылдап, ешбір әрекет етпеуі, тек қоғамның сынына түспей, сондай-ақ британдық БАҚ-тың (мысалы, The Guardian) сынды талқылауына түскен жайт болды[48].
  • 2004 жылы аңшылыққа шыққан II Елизаветаның қырғауылды таяғымен өлгенше сабап тастағаны, бүкіл ел ішінде, әсіресе табиғатты қорғаушылардың ашуын келтірді[49].

Хоббиі және жеке өмірі[өңдеу]

II Елизавета барған елдер

Патшайымның тағы да бір қызығушылықтарының бірі — ит асырау (оның ішінде корги, спаниелдер және лабрадорлар), фотосурет, атқа міну, сондай-ақ саяхаттау[50][51]. II Елизавета өзінің иеліктеріне жиі саяхаттап отырады[52], сондай-ақ әлемнің басқа да мемлекеттерінде болған (мысалға, 1994 жылы көршілес Ресей Федерациясына келген.)[53]). Патшайым барған мемлекеттердің саны — 325 (ал басқару кезеңінде болған саяхаттарының саны — 130)[54].

2009 жылдан бастап бау-бақша күтімімен айналысады[55].

Ағылшын тілінен бөлек, патшайым француз тілінде еркін сөйлейді[51].

II Елизавета — қалпақтардың патшайымы[өңдеу]

Патшайым өзінің егде жастығына қарамастан кербез талғамда киінеді, сондай-ақ әрдайым үстіндегі киіміне дәлме-дәл түсте таңдалған сәнді қалпақтарын тастамайды. Патшайымның киімі мен қалпақтарын өзіндік жеке тігіншілері тігеді. II Елизавета көбінесе сары, ашық жасыл, күлгін, көгілдір сияқты ашық түстерді ұнатады. Тіпті бәйге болатын күндері букмекерлік орталықтар патшайымның осы жылы киіп келетін қалпағының түсін де ұтысқа тігеді.

Денсаулығы[өңдеу]

Өзінің 88 жасқа толған шағына қарамастан патшайымның денсаулығы өте жақсы, соған сәйкес ол күні бүгінге дейін денсаулық жағдайына шағымданып, белгіленген кездесулерін немесе сапарларын ешқашан кейінге қалдырып көрген емес. Тек 2013 жылдың желтоқсанында ол арқасындағы шаншуларға байланысты көпшілік алдында сөз сөйлеуге шыға алмай қалған[56].

2013 жылдың 4 наурызында патшайым II Елизавета аш ішек пен асқазанның қабынуы — гастроэнтерит ауруының симптомтарымен VII Эдвард патшаның атындағы елордалық ауруханаға түсті. Патшайымды келесі күннің кешінде ауруханадан шығарды, дегенмен Елизавета патшайым өзінің кездесулерін кейінге қалтыруға мәжбүр болды.

« Патшайым сақтық ретінде ауруханаға жеткізілді, себебі дәрігерлерге оны осылай қарау жеңіл болады. Сондай-ақ патшайым II Елизавета өзін қалыпты сезінеді »

— деп хабарлайды BBC телерадиокомпаниясының корреспонденттері[57]. Сондай-ақ BBC патшайымның соңғы отмечает, что королева всегда отличалась очень жыл ішінде алғаш рет ауырып ауруханаға түскендігін айтады. Соңғы рет 2003 жылдың қаңтар айында тізе буынына кішігірім ота жасауға ауруханаға жатқызған. Ота кезінде II Елизавета 45 минут бойы жалпы наркозда жатты[57].

Ұлыбританиядағы жанжал — патшайым өлімі[өңдеу]

2010 жылдың 19 мамырында бүкіл Ұлыбританияны дүр сілікндірген жанжал орын алды. BBC телерадиокомпаниясы патшайым II Елизаветаның өлімі жайлы хабарлады[58]

Ұлыбритания әнұранымен жүргізуші — Дэнни Келли Елизавета патшайымның өлімі жайлы суық хабарды хабарлады. Соңында бұл ақпараттың жалған екендігі айқындалып, BBC басшылығы ресми түрде халықтан кешірім сұрады деп хабарлайды[58][59].

Келлидің бұл қылықты жасауының екі нұсқасы бар: бірі — оның бұл жаңалықты интернет-порталдардың бірінен оқып, тез арада эфирден таратуы болса, екіншісі — сәтсіз әзіл болғандығы айқындалды. Оның айтуынша ол патшайым туралы емес, өзінің «II Елизавета» деген лақап атты досы туралы айтқан.

Еуроодақтан бас тартқан Ұлыбритания[өңдеу]

Еуроодақ құрамындағы мүшелік ететін елдердің ішінде Ұлыбритания мен Германия ең ауқаттылары. Қазірге Грекиядағы экономикалық дағдарыс ЕО мүшелеріне, әсіресе Ұлыбритания мен Германияға шығын келтіруде[60]. Сондықтан қос мемлекет «Біз гректерді неліктен асыруымыз қажет?» деген себеппен Одақтан шығатындығын мәлімдеді. Осыған байланысты Ұлыбритания патшайымы II Елизавета жақын арада Еуропалық Одақтан шығу туралы референдумды өткізуге рұқсат беретін заң шығатындығын жариялады. Британ парламентінде сөз сөйлеген Елизавета патшайым Ұлыбританияның Еуроодаққа мүше ретінде қалуы-қалмауы туралы бүкілхалықтық дауыс беруді 2017 жылдың соңына дейін өтетіндігін жариялады. Reuters ағылшын ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, патшайым өз сөзінде былай деген екен[61]:

Менің үкіметім Біріккен Патшалық пен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынас жайлы жаңа талқылау өткізеді

— II Елизавета[62][63].

Қазақстан және Ұлыбритания[өңдеу]

II Елизавета патшайым және ҚР Президенті[өңдеу]

Н.Ә.Назарбаев және Елизавета патшайым. 4 қараша 2015

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 19 қаңтарында орнады.

1991-2014 жылдар аралығындағы кезеңде: 1991, 1992, 1994, 1997, 2000, 2006, 2012 және 2013 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ұлыбританияға сегіз сапары жасалды. Соның ішінде атап айтатын болсақ:

II Елизавета Қазақстан Президенті Н.Назарбевпен 1991 жылдың қазан айы мен 1994 жылдың 22 наурызында кездесті. Келесі кездесуі — 2002 жылдың 15 қарашасында Букингем сарайында болды. Осы кездесуде Елизавета ханшайым Елбасына ядролық қарудан бастарту жолындағы қызметі үшін «Әулие Михаил мен Әулие Георгийдің Орденінің Үлкен Крестімен» (ағылш. The Most Distinguished Order of St. Michael and St. George) марапаттады.

2012 жылдың 27 шілде айынла Ұлыбританияда басталған XXX жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңында Елбасы патшайыммен кездесті[64].

Патшайымнан бөлек, оның балалары Анна ханшайым мен Чарльз ханзада, сәйкесінше 1993 жылдың шілде айы мен 1996 жылдың қараша айында Қазақстанда болып қайтты[65]

Сонымен қатар, Елбасы әрқашан патшайымды айтулы оқиғалармен (туған күні, үйлену тойы т.с.с) құттықтап отырады. Атап айтқанда, 2011 жылдың 29 сәуірінде Елбасы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев II Елизаветаны туған күнімен және Ульям ханзаданың үйлену тойымен құттықтады[66][67]

2015 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов Н.Ә. Назарбаевтың сәлемін жеткізе отырып, сенім грамотасын тапсырды. Рәсім барысында Қазақстан Елшісі екіжақты саяси, экономикалық, білім беру және мәдени қарым-қатынастардың дамуының жоғары қарқынын атап өтті. Өз кезегінде, Патшайым ІІ Елизавета екі ел арасындағы байланыстарды нығайтудың және кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

Назарбаев 2015 жылдың 3 және 4 қараша аралығында болған Ұлыбританиядағы ресми іс-сапарының барысында Елизавета патшайыммен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев іс-сапардың қортындыларымен және өзінің іс-сапардан алған әсерімен бөлісті. ІІ Елизавета патшайым да өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға ресми сапарының қорытындыларына жоғары баға беріп, оның нәтижелері екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Біріккен Корольдік халықтарының өркендеуіне қызмет ететініне сенім білдірді.[68]

Елизавета патшайымның хатын алған Қазақстандық оқушы[өңдеу]

Рождество мейрамына қарсы бір қызық оқиға орын алды: Қазақстанның Павлодар қалысының тоғызыншы сынып оқушысы тікелей Букингем сарайынан хат алды. София есімді бүлдіршін қыз бала ағылшын тілін меңгеріп, Ұлыбритания тарихымен қызығады, сондай-ақ II Елизаветаның жанкүйері. Бұл жайлы София бір парақ дәптер қағазға жазып, Лондонға ешбір мекенжай көрсетпей жіберген екен, алайда хат Букингем сарайының канцелериясына түсіп, II Елизавета патшайымның тікелей қолына барған екен. Жақында Қазақстанға Жоғары Мәртебелінің канцелериясынан Букингем сарайының штемпельі басылған хат келіп түсті. Хатта Елизавета патшайымның хатпен тікелей өзі танысқандығы және Софияның Ұлыбританияға деген қызығушылығының патшайымға оң әсер қалдырғандығы жайлы жазылған. Сонымен қатар хаттың ішіне патшайым Букингем сарайының көркем суреттерін қосы жіберіпті. Осы оқиғадан кейінгі жас Софияның арманы — Ұлыбритания елордасында болып қайту.[69]

Қызықты мәліметтер[өңдеу]

Queen Elizabeth II 1929.jpg
Women at War 1939 - 1945 TR2835.jpg

1. Патшайымды Лилибет деп атаған

Отбасының төңірегінде кішкентай ғана тақ мұрагері Лилибет деген лақап атқа ие болған, себебі ол өзінің толық есімін көп уақытқа шейін дұрыс айта алмайтын. VI Георг жиі өзінің қыздары жайлы «Лилибет – менің мақтанышым, ал Маргарет – қуанышым» деп айтатын[70].

2. Патшайым өзінің он жасында бүкіл Ұлыбританияның және оның иеліктерінің патшайымы болуға мұрагер атанды

Елизаветаның өмірінің алғашқы жылдары Виндзор әулетінің көпетеген ұрпақтарының бірі ғана болды, сондықтан билік құратындай ешқандай болжам болмады. Алайда оның ағасы VIII Эдуард ажырасқан әйелге үйлену мақсатында тақтан бас тарқандықтан (себебі, англикан шіркеуінің басшысы ретінде патшаға бұндай некеге тұру тиым салынған еді), билік VI Георгке өтті, ал бұл келешекте монархия билігінің ауыртпалықтары Елизаветаның қолында болатынын дәлелдеді.

3. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары механик болып қызмет істеді

Өз елінің азаматтарының рухын көтеру мақсатында Елизавета патшайым ақсүейктік танытпай 1945 жылдары кіші офицер Елизавета Александра Мария Виндзор резервтік батальонда механик және жүргізуші болып қызмет атқарады. Сондақтан да, осындай әжелері бар Уильям мен Гарри ханзада әскери борышын өтеуден бас тартуы ұят нәрсе болар еді[71][72].

4. Патшайым өзінің немере ағасына тұрмысқа шыққан

Елизавета грек ханзадасы — Филиппен заңды некеге отырған. Филипп ханзада Елизаветаға төрт атадан қосылған немере ағасы еді, олардың ортақ үш аталы арғы аталары Виктория патшайым мен Альберт ханзада болып табылады, олар өз кезегінде бір-біріне немере бөле болған.

5. Ол Кенияда сапарда жүргенде патшайым атанды

1952 жылдың 6 ақпан айында, ханшайымның Кениядағы сапары кезінде оған әкесінің өлімі жайлы қайғылы хабар келеді. Бұл мезетте Ұлыбританияның жаңа патшайымы ағаш үстінде, яғни інжір ағашының кронасын назарлауда еді.

6. Патшайымның басты қызығушылығы — жылқы және иттер

Қысқа аяқты жирен түсті вельш корги тұқымды иттер британ монархиясының төрт аяқты символына айналды. Сонымен қатар патшайымның ең әсерлі әуесқойлығы — салт атта серуендеу. Ол өзінің сексеннен асқан жасында атта жақсы отырып, өзін жайлы сезінеді.

7. Бұл кісінің басты қасиеті — сабырлық пен табандылық

Патшайымның туған күніне орай жыл сайын Британияда салтанатты қарауылды тарату (ағылш. Trooping of Colour) жүргізіледі. 1981 жылы бір қаскүнем патшайым мінген аттың қасына алты оқсыз ату жасады, алайда патшайым жиналған қауымның алдында сабырлық сақтап аттың үстінде өзін мінсіз ұстап, ат үстінде өзіне арналған «от шашуды» қабылдап тұрды. Осыдан бір жылдан кейін тағы ды бір британдық қаскүнем сарай күзетшілерінен және дабылдамадан тығылып сарай ішіне өтіп кетеді. Бұл қаскүнемді көрген патшайым табандылық танытып сақшы қызметкерлері келгенше алдандырып сөзге тартқан екен[73][74].

8. Патшайым қауым алдында ернін бояйды

Барлығына ағылшын этикетінің қатал екендігі мәлім, алайда патшайым өзіне кейбір жеңілдіктер жасап алады. Ағылшын папарацци қызметкерлері патшайымның жиналған қауым алдында, жиынды іс-шараларда өзінің макияжын жөндеу үстінде бірнеше рет ұстап алған.

Осы жайлы халықаралық саясатта күлкілі оқиға бар. АҚШ президенті Джордж Буштың әйелі жиналған қауым алдында ернін бояғаны үшін айтып таққан кезде, Лора Буш жай ғана

« Елизавета патшайымнан сұраңыздар. Ол өзі мұның ешқандай ерсілігі жоқ екендігін айтқан »

9. Ол өзінің баласының бақыты үшін этикеттен бас тартты

Бірнеше онжылдықтарға созылған Уэльстік Чарльз бен үйленген Камила Паркер-Боулздың махаббаты патшайымның алдында тосқауыл болды, сондай-ақ қоғам алдында көптеген жанжалдарға алып келді. Бұл жағдай қоғамның монархияға деген көз-қарастарын өзгертті. Алайда, соңында Елизавета барлық патшайым алдындағы этикеттерді ысырап тастап ұлының екінші некесіне өз ақ батасын береді.

10. Патшайым немерелерімен әлеуметтік желілер арқылы тілдеседі

Өзінің ұлғайған жасына қарамастан, Екінші Елизавета − техникалық тұрғыдан көзі ашық, «әлемнен тыс қамаған» әже. Facebook парақшасындағы жаңа мәліметтер мен Туиттердегі жаңа хабарламаларды пресс-хатшылар мен пиар-менеджерлердің қызметі деп ысырап тастауға болғанымен, патшайым немерелерімен әлеуметтік желі арқылы өзі теріп, тілдесіп отырады. Патшайымның хатшылары оның немерелерімен СМС арқылы тілдесетіндігін де жасырмайды[71][72].

Патшайымның құрметіне жасалған мәдени естеліктер[өңдеу]

Мәдениетте[өңдеу]

ІІ Елизавета жайлы фильмдер[өңдеу]

  • 2004 жылы жарыққа — «Черчилль соғысқа аттанады!» атты кинотуынды шығады. Бұл фильмде Елизаветаның рөлін Нив Кэмпбелл сомдайды[75].
  • 2006 жылы «Патшайым» атты өмірбаяндық фильм жарыққа шығады. Патшайымның рөлін Хелен Миррен атты Ұлыбританиялық актриса сомдайды[76]. BAFTA сыйлығының «Үздік фильм» санатындағы лауреаты болып табылады. Басты рөлді сомадаған актриса — Хелен Миррен бұл фильм үшін «Оскар», «Алтын глобус», BAFTA сыйлықтарының, сондай-ақ Венеция кинофестивалінде Вольпи кубогының иесі атанды.
  • 2009 жылы британиялық телевидениенің 4-канлы (Channel 4) «Патшайым» («The Queen», режиссёрлері Эдмунд Култхард, Патрик Римс) атты 5 сериялы көркем мини-сериал түсірді. Патшайымды әр кезеңде 5 актриса сомдап шықты: Эмилия Фокс, Саманта Бонд, Сьюзан Джеймсон, Барбара Флинн, Диана Куик[77].
  • 2012 жылдың 27 шілдесінде өткен Лондандағы Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Джеймс Бондтың (Дэниел Крэйг) және Патшайымның (камео) қатысуымен түсірілген бейнебаянмен басталды. Бейнебаянның соңында олар тікұшақтан парашютпен Олимпиада стадионының аренасына секіреді[78].

Сәулет өнерінде[өңдеу]

  • Патшайымның құрметіне Сингапурдағы эспаланаданың тұсында орналасқан Елизавета Аллеясы аталған[79].
  • Лондонның символына айналған әйгілі Биг-Бен II Елизавета мен оның билік құру мерейтойына орай 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап ресми түрде «Елизавета мұнарасы» деп аталады[80].
  • Сондай-ақ патшайымның құрметіне 1991 жылы Дафордтағы II Елизаветаның көпірі салынды[81].
  • 2013 жылдың 1 тамызында Лондонда II Елизаветаның Олимпиадалық саябағы ашылды[82].

Өмірлік ескерткіштер[өңдеу]

Өсімдіктану саласында[өңдеу]

II Елизаветаның құрметіне раушан гүлінің жаңа сортын — Rosa 'Queen Elizabeth' атаған[83].

Мәнеттер мен филателияларда[өңдеу]

Фотосуреттер[өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. a b Her Magesty The Queen: The Queen’s Early Life  (ағыл.)
  2. Ұлыбритания патшайымы II Елизавета. Өмірбаяны  (қаз.). РИА Жаңалықтар (2 маусым 2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 маусым 2013.  (орыс.)
  3. Жаңа рекорд.
  4. Елизавета патшайым британ тағындағы рекордсмен. Lenta.ru (9 қыркүйек 2015). Тексерілді, 10 қыркүйек 2015.
  5. a b Брэдфорд С. II Елизавета. Мәртебелі патшайымның өмірбаяны. — Вагриус-Захаров-Мәскеу, 1998.
  6. a b Her Majesty The Queen: Education  (ағыл.)
  7. Children’s Hour | Princess Elizabeth BBC, (1940 жылдың 13 қазаны)  (ағыл.)
  8. Queen Elizabeth II Serves As A Mechanic During World War 2  (ағыл.)
  9. II Елизавета Правда.Ру, (21 сәуір 2006)
  10. a b c d e Her Majesty The Queen: Marriage and family  (ағыл.)
  11. a b II Елизавета. Хроно.Ру. Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 шілде 2013.
  12. a b c II Елизавета XX ғасырда не істеп үлгерді  (орыс.)
  13. a b «Белгісіз патшайым»: II Елизаветаның Гагаринмен бірге таңғы асы және неге Ельцин патшайымды шешіндіргісі келді Комсомольская правда в Украине, (01 маусым 2012)  (орыс.)
  14. Ben Cahoon United Kingdom  (ағыл.). World Statesmen.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қыркүйек 2012. Тексерілді, 30 сәуір 2012.
  15. Tidridge, Nathan (2011), Canada's Constitutional Monarchy: An Introduction to Our Form of Government, Toronto: Dundurn Press, p. 49, ISBN 9781459700840, http://books.google.com/books?id=JvGsvHsAtDgC&printsec=frontcover#v=onepage&q&f=false 
  16. Her Majesty The Queen: Commonwealth visits since 1952  (ағыл.)
  17. Queen Elizabeth II makes first U.N. speech since 1957 CNN, (07 шілде 2010)  (ағыл.)
  18. Her Majesty The Queen: Outward State visits since 1952  (ағыл.)
  19. Her Majesty The Queen: Public life 1962—1971  (ағыл.)
  20. Ұлыбритания XX ғасырдың 70-ші жылдарында. Хроно.Ру. Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 шілде 2013.
  21. Жиырма бірінші Олимпиадалық ойындар (Монреаль, Канада) 1976 ж.  (орыс.)
  22. Her Majesty The Queen: The Queen’s Silver Jubilee, 1977  (ағыл.)
  23. BRITAIN: A Nation Mourns Its Loss, 'TIME' (10 September 1979).
  24. Уэльстік ханшайым Диана. Өмірбаяны РИА Новости, (31 тамыз 2012)
  25. Canada Act 1982. The National Archives (29.03.1982). Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 шілде 2013.  (ағыл.)
  26. Елизаветы II
  27. Келін кегі, (09 қыркүйек 1997)  (орыс.)
  28. Маргарет ханшайымның өлімі
  29. Патшайым-ана (31 наурыз 2002)
  30. БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы. Пан Ги Мун (06.06.2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 шілде 2013.
  31. II Елизавета Ирландияда NEWSRu, (17 мамыр 2011)  (орыс.)
  32. Уильям ханзада мен Кэйт Миддлтонның үйлену тойы, (29 сәуір 2011)  (орыс.)
  33. 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылуы Pixanews, (28 шілде 2012)
  34. Британия таққа отыру ретін өзгертті Euromag, (17 желтоқсан 2012)  (орыс.)
  35. II Елизавета гауһар мерейтойы
  36. II Елизавета билікті Чарльз ханзадаға бере бастады NUR-KZ, (08 мамыр 2013)
  37. II Елизавета Өз Өкілеттігін Ұлы Ханзада Чарльзға Тапсырды (10 мамыр 2013)
  38. a b Her Majesty The Queen: The Queen’s working day
  39. Her Majesty The Queen: Queen and charities
  40. a b Патшайымның британдықтар алдындағы құны — жылына $68,5 млн, (29 маусым 2009)
  41. II Елизавета шығындарын шектеді БалтИнфо.ру, (04 шілде 2011)
  42. Британия патшайымы II Елизаветаның табысы өсуін жалғастырды, (27 маусым 2013)
  43. Pakistan’s History: Political decline and bureaucratic ascendancy  (ағыл.)
  44. The Republic of South Africa’s History: National Party and apartheid  (ағыл.)
  45. Энциклопедия Кругосвет: ШРИ-ЛАНКА
  46. a b Her Majesty The Queen: Commonwealth members  (ағыл.)
  47. Британ монархиясы: Құдайым, патшайымды сақта? Правда. Ру, (21 тамыз 2012)
  48. Патшайым, оның немерелері және қалған біздер Голос России (Ресей дауысы), (29 сәуір 2011)
  49. II Елизавета қырғауылды өлгенше сабады NEWSRu, (27 қаңтар 2004)
  50. Мемлекет басшыларының хоббилері Петербургский почтовой, (03 наурыз 2011)
  51. a b Ұлыбритания патшайымы II Елизавета. Өмірбаян РИА Новости, (16 маусым 2012)
  52. II Елизавета: мерейтой!
  53. II Елизавета патшайым Журнал ROYALS
  54. Королева Бірінші арна
  55. Букингем сарайындағы патшайымның көкөністері (15 маусым 2009)
  56. Патшайым Елизавета ІІ Лондон ауруханасында жатыр. BNews.kz.
  57. a b Патшайым ауруханаға түсті. interfax.ru.
  58. a b Ұлыбритания патшайымы қайтыс болды. BBC.
  59. Британияда патшайымның өлімі туралы хабар таратылды. 19.05.2010. Passion.ru.
  60. http://azerros.ru/analytics/9988-vyydet-li-velikobritaniya-iz-evrosoyuza.html Ұлыбритания Еуроодақтан шығады ма?  (орыс.)
  61. Еуроодақтан кімнің шыққысы келеді?
  62. II Елизавета: Ұлыбританияны Еуроодақтан шығу туралы референдум күтеді  (орыс.)
  63. Queen’s Speech 2015
  64. Президент Н.Назарбаев патшайым II Елизаветамен кездесті. BNews.kz.
  65. Бас ред. Ә.Нысанбаев. Г-Ж // Елизавета ІІ — Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. — Т. 3. — Б. 365. — 720 б. — ISBN 5-89800-149-2.
  66. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев II Елизаветаны айтулы оқиғамен құттықтады  (қаз.). meta.kz (21 сәуір 2011).
  67. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Уильям ханзада мен Кейт Миддлтонды жаңа туған сәбилерімен құттықтады  (қаз.). meta.kz (29 сәуір 2011).
  68. ІІ Елизавета патшайым Н.Назарбаевтың Лондонға ресми сапарының қорытындыларына жоғары баға берді
  69. shkolnitsa-iz-kazahstana-poluchila-pismo-ot-elizavetyi-ii.html  (орыс.)
  70. Патшайым II Елизавета: Өмірбаянынан 10 беймәлім қызықты мәлімет. podkofeek.ru.
  71. a b Bradford, p. 45; Lacey, p. 148; Marr, p. 100; Pimlott, p. 75  (ағыл.)
  72. a b The London Gazette: (Supplement) no. 37205. p. 3972. 31 шілде 1945. Retrieved 5 June 2010.  (ағыл.)
  73. Lacey, pp. 297–298; Pimlott, p. 491
  74. Bond, p. 188; Pimlott, p. 497
  75. Churchill: The Hollywood Years (2004) Rotten Tomatoes  (ағыл.)
  76. The Queen Metacritic  (ағыл.)
  77. Five actors to play the Queen in 'pivotal' Channel 4 drama The Guardian, (27 қаңтар 2009)  (ағыл.)
  78. II Елизавета Российская Газета (Ресей үнжариясы), (05 сәуір 2013)
  79. Queen Elizabeth Walk in Singapore  (ағыл.)
  80. Атақты Биг-Беннің атауы Елизавета мұнарасы деп өзгертіледі BNews.kz, (4 маусым 2012)
  81. Queen Elizabeth II Bridge Stucturae  (ағыл.)
  82. Елизавета патшайымның саябағы ТравелРу, (1 тамыз 2013)
  83. Rosa 'Queen Elizabeth' на сайте HelpMeFind.com  (ағыл.)

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]

commons: II Елизавета Ортаққорда?
n: II Елизавета Уикихабарда?

Қолданылған әдебиеттер[өңдеу]

  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  • Jennie Bond (2006). Elizabeth: Eighty Glorious Years. London: Carlton Publishing Group. ISBN 1-84442-260-7
  • Bousfield, Arthur; Toffoli, Gary (2002). Fifty Years the Queen. Toronto: Dundurn Press. ISBN 1-55002-360-8
  • Sarah Bradford (2012). Queen Elizabeth II: Her Life in Our Times. London: Penguin. ISBN 978-0-670-91911-6
  • Gyles Brandreth (2004). Philip and Elizabeth: Portrait of a Marriage. London: Century. ISBN 0-7126-6103-4
  • Asa Briggs (1995). The History of Broadcasting in the United Kingdom: Volume 4. Oxford: Oxford University Press. ISBN 0-19-212967-8
  • John Campbell (2003). Margaret Thatcher: The Iron Lady. London: Jonathan Cape. ISBN 0-224-06156-9
  • Marion Crawford (1950). The Little Princesses. London: Cassell & Co.
  • Hardman, Robert (2011). Our Queen. London: Hutchinson. ISBN 978-0-09-193689-1
  • Tim Heald (2007). Princess Margaret: A Life Unravelled. London: Weidenfeld & Nicolson. ISBN 978-0-297-84820-2
  • Hoey, Brian (2002). Her Majesty: Fifty Regal Years. London: HarperCollins. ISBN 0-00-653136-9
  • Robert Lacey (2002). Royal: Her Majesty Queen Elizabeth II. London: Little, Brown. ISBN 0-316-85940-0
  • Harold Macmillan (1972). Pointing The Way 1959–1961 London: Macmillan. ISBN 0-333-12411-1
  • Andrew Marr (2011). The Diamond Queen: Elizabeth II and Her People. London: Macmillan. ISBN 978-0-230-74852-1
  • Andrew Neil (1996). Full Disclosure. London: Macmillan. ISBN 0-333-64682-7
  • Harold Nicolson (1952). King George the Fifth: His Life and Reign. London: Constable & Co.
  • Jonathan Petropoulos (2006). Royals and the Reich: the princes von Hessen in Nazi Germany. New York: Oxford University Press. ISBN 0-19-516133-5
  • Ben Pimlott (2001). The Queen: Elizabeth II and the Monarchy. London: HarperCollins. ISBN 0-00-255494-1
  • Andrew Roberts; Edited by Antonia Fraser (2000). The House of Windsor. London: Cassell & Co. ISBN 0-304-35406-6
  • William Shawcross (2002). Queen and Country. Toronto: McClelland & Stewart. ISBN 0-7710-8056-5
  • Margaret Thatcher (1993). The Downing Street Years. London: HarperCollins. ISBN 0-00-255049-0
  • Pierre Trudeau (1993). Memoirs. Toronto: McClelland & Stewart. ISBN 0-7710-8588-5
  • Woodrow Wyatt Edited by Sarah Curtis (1999). The Journals of Woodrow Wyatt: Volume II. London: Macmillan. ISBN 0-333-77405-1
 Осы үлгіні қарау  Ұлыбритания монархтары
Ұлыбритания Ұлыбритания Патшалығы (17071800)
Ұлыбритания Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы (18011927)
Ұлыбритания Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығы (1927 бастап)